Қазақстандағы шаруаларды қолдауға 70 миллиард теңге бөлінеді
Қазақстандағы шаруаларды қолдауға 70 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы ауылшаруашылығы министрлігі мәлімдеді. Ведомстваның есебінше, 2022 жылы 2400 агро тауар өндірушіге мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Сонымен бірге 3 миллион гектарға жуық егіс алқабы қамтылмақ. Бөлінетін қаржы көлемі жалпы егін шаруашылығына қажетті соманың бес пайызы дейді мамандар. Мемлекеттік көмек бір жылға 1,5 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Ал ақшаны аймақтық микроқаржы ұйымдары мен банктен алатындарға жылдық мөлшерлеме 5 пайыздан аспайды. Жергілікті әкімдіктер келер жылы 22,9 миллион гектар егіс алқабына 2 миллион тоннадан аса тұқым себуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18