Ақмола облысында 20 кәсіпкердің құқығы қорғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 20 кәсіпкердің құқығы қорғалды

30.12.2021

Ақмола облысында 20-дан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды. Прокуратура жүргізген тексеріс нәтижесінде олар бюджетке 268 миллион теңге қайтаруы тиіс болған. Бұл - 2019-2020 жылдары берілген субсидия. Қадағалаушы орган электрондық есеп-шот құжаттарына түзетулер енгізілгендіктен осындай ұйғарым жасаған. Себебі субсидия алуға өтініш берілгеннен кейін құжаттарға өзгеріс енгізуге болмайды.

Ал бұл мәселеге қатысты шаруалар мен диқандардың өз уәжі бар. Біріншіден, электрондық есеп-шот құжаттарын олар толтырмайды. Бұл шаруаны мал сатушылар, тыңайтқыш жеткізушілер, ғимарат салған құрылыс компаниялары тәрізді жабдықтаушылар атқарады.

Екіншіден, енгізілген түзетулер айтарлықтай көп емес. Жалпы, құны, көлемі, саны сияқты негізгі көрсеткіштер өзгеріссіз қалған.

Расул Сыздықов, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

Кәсіпкерлерден өтініштер келіп түсті. Прокуратура барлығы 49 нысан бойынша шешім шығарған. Ал бізге 24 кәсіпкерден шағым түсті. Сондықтан жұмыс тобы құрылды. Әр жағдай жеке қаралып, шешім қабылданды. Субсидия берілген шығындар, шынымен де, жұмсалған. Жұмыстар іс жүзінде атқарылған. Сол себепті субсидия қайтарылмайтын болды.


Хабарламаларға жазылу