Алматыда эпидахуал тұрақталғанымен, қауіптің беті қайтқан жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда эпидахуал тұрақталғанымен, қауіптің беті қайтқан жоқ

29.12.2021

Алматыда эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанымен, қауіптің беті қайтты деуге ерте. Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов айтты.

Оның сөзінше, эпидахуалдың тұрақты болуы – тұрғындарға байланысты. Сондықтан Жаңа жылды үйде қарсы алып, халық көп жиналатын жерлерге бармай, барынша санитарлық талаптарды сақтаса, бесінші толқын болмауы мүмкін.

Мереке қарсаңында мониторинг топтар күшейтілген режимде жұмыс істеп, мейрамханалар мен жалға берілетін коттедждер жаппай тексеріледі.

Айта кетейік, Алматы ауруханаларында коронавирус жұқтырған 122 науқас ем қабылдап жатыр. Соңғы тәулікте 52 адамнан COVID-19 анықталды. Жансақтау бөлімінде 28 адам жатса, 13 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.


Хабарламаларға жазылу