Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында бірқатар елді мекенді су шайып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында бірқатар елді мекенді су шайып кетті

28.02.2018

Өзен-көлдерден алшақ орналасқан ауылдарға қауіп төндірген - еріген қар мен жаңбыр суы. Күннің күрт жылуына байланысты қауіптің беті әлі қайтқан жоқ. Тасқынның алдын бөгеу үшін барлығы 19 техника мен 150-ден астам адам жұмылдырылды. 350 қап құм қаланып, 2 мың текше метр су шығарылған. Ағын судың бағытын бақылау үшін арнайы кезекшілік ұйымдастырылды. Көпірлер мен жолдарда қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Тасыған судан баспанасы бүлініп, зардап шеккендер жоқ. Тұрғындардың суға ағып кеткен азды-көпті тұқымдық астығын аудан басшылығы береміз деп отыр. «Жазық даладағы елді мекендерді су басуы мұнда жарты ғасырдан кейін қайталанып тұр», - дейді тұрғындар.

Бақытбек Көпежанов, ауыл тұрғыны:

- Мұндай табиғи апат 1969 жылы болған. Есіктің алдына, табалдырыққа келіп тұрған суды қайтарды. Мал-жан аман, шығын жоқ.

Талғат Сабыров, Жамбыл облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Су басылды, өтіп кетті. Қауіп жоқ. Мал-жан аман.

Хабарламаларға жазылу