Қырғызстаннан Қазақстанға картоп жеткізуге қойылған шектеу алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстаннан Қазақстанға картоп жеткізуге қойылған шектеу алынды

14.06.2016
Қырғызстаннан Қазақстанға картоп жеткізуге қойылған шектеу алынды

Картоп бағасы төмендеуі мүмкін. Қазақстанға Қырғызстанда өсірілген көкөністі әкелуге қайтадан рұқсат берілді. Бұған дейін Алатау асып жеткен картоптан аса қауіпті зиянкестер табылған болатын.

«Алтын түсті нематод» деп аталатын құрт көптеген өсімдіктерге зиян тигізеді. Қауіптің беті қайтқан соң тауар айналымы қайта жанданады. Дегенмен, шекарадағы арнайы бақылау енгізіліп, үздіксіз мониторинг жүргізіліп тұрады. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу