Атыраудағы табиғи қорықта қауіптің беті сейілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы табиғи қорықта қауіптің беті сейілді

05.04.2023

Атырау экологиясын ақсатқан мұнай кәсіпорындары жұмысын жүйелеуі тиіс. Салаға жауапты министрлік осылай деп пікір білдірді. Мұнай өңдеу зауыты мен мұнай химия кәсіпорынының жұмысынан осы аптада ақау шығып, ауаға зиянды қалдық тараған еді. Техникалық жайсыздық аймақтағы резерват аумағындағы өртпен бір күнде болды. Қазір аталған табиғи қорықта қауіптің беті сейлді. Өртті сөндіруге Маңғыстаудан тік ұшақ тартылған еді. Қазір қызыл жалын ошағында жетпістен астам адам мен жиырмадай техника жүр.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу