Ақтауда ана мен баланы көлікпен қағып, мерт қылған жүргізуші қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда ана мен баланы көлікпен қағып, мерт қылған жүргізуші қамауға алынды

29.12.2021

Ақтауда анасы мен баласын көлікпен қағып, мерт қылған жүргізуші сот шешімімен 2 айға қамауға алынды. Естеріңізге сала кетсек, жол апаты 20 желтоқсан күні түнде болды. Тойота Ленд Крузер көлігін тізгіндеген 42 жастағы әйел рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан балалы әйелді қағып кетті.

Салдарынан 29 жастағы әйел оқиға орнында тіл тартпастан кетті. Ал 5 жасар қызы ауруханада ес жимастан көз жұмды. Көлік жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.


Хабарламаларға жазылу