Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен полицей кінәсін мойындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен полицей кінәсін мойындады

14.06.2021

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылған полицей кінәсін мойындады. Ол алдында келе жатқан көлікке соқтығыспау үшін маневр жасап, абайсызда жол бойына шығып кеткенін айтады. Сондай-ақ, қаза тапқан әйелдің туыстарына көңіл айтып, кешірім сұрады.

Қайғылы оқиға бүгін таңертең Алатау ауданында болған. Hyundai Elantra көлігін тізгіндеген полиция қызметкері кенеттен шығып қалған көлікпен соқтығысудан қашпақ болыпты. Осылайша, жол бойындағы көлік жуу орнының маңында жүрген адамды қағып кетеді. Артынша Газель автокөлігіне соғылған. Апат салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу