Шымкентте екі бойжеткенді қағып, біреуін мерт қылған автобус жүргізушісі қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте екі бойжеткенді қағып, біреуін мерт қылған автобус жүргізушісі қамауға алынды

03.11.2014
Шымкентте екі бойжеткенді қағып, біреуін мерт қылған автобус жүргізушісі қамауға алынды

Айта өтейік, қайғылы оқиға өткен сенбі күні қаладағы «Жоғарғы Отырар» аялдамасында орын алған болатын. 19 бағыттағы автобус жүргізушісі орынға таласамын деп аялдамада тұрған 84 ші бағыттағы автобусқа соғылады. Оған келіп №93 автобус соқтығысқан.

Қатты соққыдан автобустардың бірі 15 метрге ұшып кетіп, ағашқа соғылды. Ал №19 автобус екі метрдей жерге жылжып кетіп, аялдамада тұрған адамдарды басып қалған. Оқиға салдарынан, қоғамдық көлігінің  астында бойжеткен жаншылып қалды. Ол оқиға орнында қайтыс болды.

Куәгерлердің айтуынша жүргізушілер жол үстінде жарысқан көрінеді. Сондай-ақ, жол көлік оқиғасына себепкер болған №93 бағыттағы автобус жүргізушісі оқиға орнынан тайып тұрыпты.

Қазір оқиғаның нақты неден болғандығын жол-патрульдік полициясы тергеушілері анықтау үстінде. Соғылған автобустарды айыптұрағына алып кетті.

Ал, ауыр жарақат алған екінші бойжеткен  ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша оның жұлынына зақым келген. Аяқ қозғалысының қимылы да қиындаған.

 

Айнұр АҚБАЕВА 

Хабарламаларға жазылу