Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонайха ауданында 3 баланы көлік қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонайха ауданында 3 баланы көлік қағып кетті

25.03.2022

Шығыстағы Шемонайха ауданында үш баланы көлік қағып кетті. 9 және 14 жастағы балалар санитарлық авиациямен шұғыл Өскемендегі «Ана мен бала» орталығына жеткізілді. Жағдайлары орташа ауыр. Екеуі де басынан жарақат алған.

Ал 4 жастағы бала Шемонайхадағы ауруханада емделуде. Оның жағдайы біршама жақсарған. Бірақ толық ем-дом алу үшін бүгін ол да Өскеменге жеткізілмек. Балаларды қаққан 25 жастағы жергілікті тұрғын қамауға алынды.


Хабарламаларға жазылу