«Мega Silk Way» сауда орталығының жаңажылдық тартуы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мega Silk Way» сауда орталығының жаңажылдық тартуы

28.12.2021

Филиус Флитвик, Альбус Дамлдор, Гермиона Грейнджер және тағы басқалары. Иә, Жаңа жыл қарсаңында танымал «Хәрри Поттер» британдық романының барлық кейіпкері елордалық «Мega Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығында тоғысты. Джоан Роулингтің қиялынан шыққан ертегі кейіпкерлері қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлауды бастап та кетті. Жаңажылдық бағдарламада не қамтылған? Келушілерді қандай сый күтіп тұр? 

Биыл «Мega Silk Way» сауда орталығының келушілері нағыз ертегі әлеміне саяхат жасай алады. Желтоқсанның 25-нен басталған мерекелік іс-шаралар легі танымал Хәрри Поттер британдық романының желісімен ұйымдастырылған. Орталық толығымен тақырыптық үлгіде безендіріліп, түрлі инсталляциялар келушілер назарына қойылды.

Дина Тұрарқызы, «Мega Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығының PR менеджері:

Келушілер сиқырлы таяқшаларды әзірлеу, өздерінің жеке сиқырлы сөздерін үйрену, ертегі кейіпкерлермен кездесу, Аяз атаға сыйлығын жасауға немесе өлеңін айтып сыйлық алуға мүмкіндіктері бар.

Аяз атамен кездесу бұрышы орталықтың екінші қабатында орналасқан. Ал балаларға арналған сауалнамалар, түрлі ойындар мен көңіл-көтеру бағдарламалары биыл ерекше таңдалды.

Ақбота Нұрғазықызы, қала тұрғыны:

Бүгін екі ініммен  келдім. Оларға қатты ұнады. Қала тұрғындарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын!

Алдағы екі күнде кешкі сағат 5-те анимациялық шоу бағдарламалары мен квест ойындары, желтоқсанның 30-ы мен қаңтардың 3-і күндері сағат 12:00-де түрлі шеберлік сабақтары өтіп, балалар сиқыр әлеміне сапарлайды. Мерекелік бағдарлама қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін. Сондай-ақ, бұл күндері ертегі қаһармандарының қатысуымен ауқымды, салтанатты парад өтеді деп жоспарланған. Оған сіздің де қатысуға мүмкіндігіңіз бар.

Алла Гаврина


Хабарламаларға жазылу