Қызылорда облысында 442 миллион теңге бюджет қаржысын жымқыру дерегі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында 442 миллион теңге бюджет қаржысын жымқыру дерегі анықталды

27.12.2021

Қызылорда облысында 442 миллион бюджет қажысы жымқырылған. Есеп-қисаптағы жалған құжаттар прокурорлық тексеру барысында анықталды. 10 қылмыстық іс қозғалған.

Ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияның қомақты бөлігі қолды болған. Салаға жауапты басқарманың қызметкерлері құйтырқы жолмен 160 миллион теңгені жымқырғаны анықталып отыр. Олар күн панельдерінің бағасын екі-үш есе көтеріп, қазылмаған құдықтар мен шопандарға арналған вагондар бойынша жалған актілер рәсімдеген.

Осылайша субсидия қаржысын заңсыз игерген. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығына бөлінген 280 миллион теңгенің аты бар, заты жоқ шаруа қожалықтарына берілгені анықталды. Қаржыны мемлекет есебіне кері қайтару міндеттелген. Кінәлілер қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Олжас Қалматаев, Қызылорда облысы Прокуратурасының басқарма басшысы:

Мемлекеттік қызметкерлер негізінен мемлекеттік сатып алу, бюджет қаржысын игеру барысында заң бұзушылықтарға жол берген 13 тұлға қылмыстық жауапқа тартылды.


Хабарламаларға жазылу