Қазақ ұлттық университетінде Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы оқу-шығармашылық зертхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ ұлттық университетінде Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы оқу-шығармашылық зертхана ашылды

27.12.2021
Қазақ ұлттық университетінде Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы оқу-шығармашылық зертхана ашылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде белгілі журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы оқу-шығармашылық зертхана ашылды.

Арнайы аудиторияның ашылу салтанатына Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев, Нұрғали Иманғалиұлының отбасы мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Нұрғали Иманғалиұлы қазақ телевизиясы саласында өзіндік мектеп қалыптастыра білді. Өзіне қарап бой түзеген жас журналистер қатарынан қаншама буын шәкірт тәрбиеледі. Өмірінің соңғы айларына дейін ауру жанына батып жүрсе де, журналистикадан кеткен жоқ. Түрлі хабарларға шығып, ой-пікірін білдіріп жүрді. Өз кәсібіне деген адалдық, журналистикаға деген құрмет осылай көрінеді», - деді шарада сөз сөйлеген министр Аида Балаева.


Әріптестері мен жақындары Нұртілеу Иманғалиұлы туралы жылы естеліктер айтып, бүкіл өмірін тележурналистердің дамуына арнағанын, жастар редакциясынан «Қазақстан «РТРК» АҚ Басқарма төрағасына дейінгі үлкен еңбек жолын жүріп өткенін атап өтті.

Биыл «Қазақстан» телерадиокорпорациясы журналистика факультетінің студенттеріне арналған Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы арнайы білім беру стипендия тағайындап, шәкіртақы иегерлерін анықтады. Сонымен бірге БАҚ өкілдері арасында Н.Иманғалиұлы атындағы волейбол турнирін ұйымдастырды. 

Ал Парламент Сенаты «Аманат» байқауы аясында арнайы премия тағайындады. 




Нұртілеу Иманғалиұлы Аида Балаева Қазақстан телерадиокорпорациясы

Хабарламаларға жазылу