Алматыда Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы оқу-шығармашылық зертхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы оқу-шығармашылық зертхана ашылды

27.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде қазақ теледидарының көрнекті тұлғасы Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы оқу-шығармашылық зертхана ашылды.

Арнайы аудиторияның ашылу салтанатына Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Университет ректоры Жансейіт Түймебаев және Нұртілеу Иманғалиұлының отбасы мүшелері мен бірқатар әріптестері қатысты. Жас журналистерге арналған залда студенттерге қажеттінің барлығы қамтылған. Саналы ғұмырын қазақ журналистикасының дамуына арнаған қаламгер өзі еңбек еткен саланың өркендеуіне елеулі үлес қосты. Әріптестері мен жақындары Нұртілеу Иманғалиұлын жылы естеліктермен еске алып, жастар редакциясынан «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының басқарма төрағасына дейінгі жүріп өткен жолын атап өтті.

Марат Тоқашбаев, журналист-жазушы:

45 жылдай болған тележурналистік қызметінде 4500-дей сұхбаттары қалған екен. Солардың ішінен іріктеп, таңдаулыларынан арнайы кітаптар шығару мәселесі. Соларды қағазға түсіру, үш немесе бес томдығы бола ма көзге қомақты жақсы жұмыстар атқарылады деп үміттенеміз.


Хабарламаларға жазылу