Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды

06.10.2021

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендияның жеңімпаздары анықталды. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұйымдастырған сайысқа II, III және IV курста оқитын журналистика факультетінің студенттері қатысты. Жүзден жүйрік шыққан үш жеңімпазға оқу жылы аяқталғанша ай сайын 50 теңге сыйақы төленетін болады.
Тақырыбы: Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды.

Алматылық Аңсаған Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің үшінші курсында оқиды. Бала кезінен Нұртілеу Иманғалиұлының сөз саптауына еліктеп өскен ол байқау туралы әлеуметтік желіден оқыған. Өзі жақсы көретін кейіпкерін бір айдай тыңғылықты зерттеп, ұзақтығы бес минуттық материал ұсынған.
Аңсаған Ғалаладин, Н.Иманғалиұлы атындағы байқаудың стипендия иегері: 
Нағыз журналист деген ең бірінші орында халықты ойлау керек. Халық үшін қызмет ету керек. Нұртілеу Иманғалиұлының бағдарламалары арқылы, оның жүріп өткен жолы арқылы мен ол кісінің нағыз мықты журналист екенін біліп, сол қырын ашқым келді. Және нағыз журналисттің міндетін атқара алған мықты, кәсіби маман екенін көрсеткім келді. 
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алып жатқан Қанат Жолдасбеков телевизия мэтрі туралы ұзақтығы 7 минуттан асатын бейнематериал әзірледі. Жас журналист оны жасау барысында интернет дереккөздерінен бөлек, Нұртілеу Иманғалиұлының көзін көрген азаматтармен және шәкірті Жанбота Рахметулламен пікірлесіп, қажетті материалдар жинақтаған. Бейнематериалды әзірлеу барысында болашақ журналист ретіндегі ұстанымдарымды қалыптастырып, мамандығымды терең игеруіме ықпал етті,-дейді.
Қанат Жолдасбеков, Н.Иманғалиұлы атындағы байқаудың стипендия иегері: 
Маған ерекше әсер еткен журналистік потенциалымды құрудағы өзіме алатын қасиеті бетке айтатын турашылдығы өзінің жасаған жұмыстарынан да ап-айқын көрініп тұрады.
Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендия иегері атанғандардың бірі – Күмісжан Исан. Ол Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 4 курс студенті. Шәкіртақы иегері қазақ телевизиясының нар тұлғасы туралы бейнематериалда оның журналистік қырын емес, отбасында, достарының арасында қандай болғаны туралы сөз қозғауды жөн көрген.
Күмісжан Исан, Н.Иманғалиұлы атындағы байқаудың стипендия иегері: 
Мен Нұртілеу Иманғалиұлының тек журналистік жолын ғана емес, басқа қырларын да көрсетуге тырыстым.Сондықтан мен ол кісінің қандай дос, қандай отағасы болғанын зерттеп, қарауға тырыстым. Осы қырынан беруге тырыстым.
Оқу гранты алғашында екі студентке белгіленген болатын. Арнайы құрылған комиссия тағы бір үміткерді де үздік деп танып, қосымша грант беру туралы шешім қабылдаған.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу