Елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

23.12.2021

Елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасы пайда болады. Отбасы банкі төраймының айтуынша «Жайлы тұрғын үй» деп аталатын жобаны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірге іске асыру көзделген.

Бұл «Бақытты отбасы», «Шаңырақ» секілді бағдарламаларды біріктіру арқылы жасалмақ. Өйткені әр түрлі бағдарламалар болса, тұрғындар тарапынан түсінбеушілік те, наразылық та көп дейді Ләззат Ибрагимова. Сол үшін жаңа бағдарлама барлығына ортақ. Алғашқы жарнасы 10 пайыз болмақ. Сондай-ақ 2 пайызбен баспана алу бағдарламасының талаптарын да жеңілдеттік дейді. Мәселен қазір «Бақытты отбасы» арқылы шаршы метр алу үшін міндетті түрде үй кезегінде тұру керек. Енді мұндай шартты алып тастау көзделген. Яғни табысы отбасы мүшелеріне шаққанда 70 мыңнан аспайтын барлық адам бұл ипотеканы рәсімдеуге мүмкіндік алмақ. Десе де мұндай өзгерістердің қашаннан бастап күшіне енетіні әзірге айтылмай отыр.


Хабарламаларға жазылу