«Туған жердің бақытты ұрпағымын» фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Туған жердің бақытты ұрпағымын» фестивалі өтті

18.03.2014
«Туған жердің бақытты ұрпағымын» фестивалі өтті

Елордада «Туған жердің бақытты ұрпағымын» атты фестиваль өтті. Білім басқармасы мен Менеджмент және бизнес колледжі ұйымдастырған шара Наурыз мейрамына арналған. Онда студенттердің қолынан шыққан ұлттық нақышта жасалған киім үлгілері көпшілік назарына ұсынылды.

 
Студенттер дайындаған сән үлгілері көпшіліктің көкейінен шықты. Қонақтар тері және киізден тігілген түрлі ұлттық киімдерді, кешкі көйлектер мен пальто коллекцияларын тамашалады. Әсіресе, көрерменді көрмеге қойылған кескіндеме, графика арқылы жасалған қолданбалы өнер туындылары қызықтырды.
 
Қайрат Әбдібеков, Астана қаласының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы:
Бір қуантарлығы, олардың барлығы  біздің ұлы даламыздың тарихымен ұштасып отыр. Көрме Наурызға арналған бір үлкен шара болды.
 
Фестивальда көрсетілген шаш үлгілері де халықтың ерекше назарына ілікті. Бірі суретке түссе, енді бірі бұл өнердің қыр-сырын сұрап жатты. Қыздардың көз тартар киімдері мен мерекелік макияжы қыз-келіншектерді қызықтырды.
 
Назира Әбуова, студент:
Бұл киім үлгілерін әртүрлі мерекелерде киюге болады. Көріп тұрғаныңыздай, жарқын бояулар  қолданылған.
 
Дарынды жастар ЕХРО - 2017 халықаралық көрмесіне қатысып, қазақ халқының қолданбалы өнерін әлемге паш етуді көздеуде.
 
 
Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу