Оралда «Туған жерім - тұғырым» атты фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда «Туған жерім - тұғырым» атты фестивалі өтті

19.05.2023

Оралда «Туған жерім - тұғырым» атты облыстық халық шығармашылығы фестивалі аясында Теректі ауданының өнерпаздары көрерменге тарту жасады.

Бұл фестиваль 12 ауданның жетістігін насихаттап, тереңірек таныстыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сахнада театрландырылған қойылым қойылып, әсем ән мен домбырадан күмбірлеген күй төгілді. Шара аясында қолөнер шеберлерінің бұйымдары қойылған көрме ұйымдастырылды.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу