Мадагаскарда қайық аударылуынан қаза тапқандар саны 83-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мадагаскарда қайық аударылуынан қаза тапқандар саны 83-ке жетті

23.12.2021

Мадагаскардың солтүстік-шығыс жағалауында қайық аударылуынан қаза тапқандардың саны 83-ке жетті. 50 адам аман-есен құтқарылған. Ал қалған 5 адамды іздеу жұмыстары ауа райының қолайсыздығына орай тоқтатылды.

Айта кетейік, жолаушыларды тасуға шақталмаған қайықтың бортында адам лық толы болған. Алдымен қозғалтқышына су кіріп, кейін су көлігі аударылған. Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Арай Төлегенқызы


Мадагаскар

Хабарламаларға жазылу