Ақмола облысында өрттің алдын алу үшін ескі үйлердің электр сымдары жаңартылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында өрттің алдын алу үшін ескі үйлердің электр сымдары жаңартылуда

22.12.2021

Ақмола облысында өрттің алдын алу үшін ескі үйлердің электр сымдары толық жаңартылатын болды. Бұл іске үкіметтік емес ұйымдар қол қабыс етуде. Биыл облыста 813 өрт оқиғасы тіркеліп, 26 адам көз жұмған. Сондықтан, жергілікті билік қамсыз жатпай, қарекет етуге кіріскен. Ермек Елберген жалғастырады.

Өрттің шұғыл алдын алмаса, алдын алу Өңірде алғаш рет мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында электр желілерін жаңарту, мұржаларды тазалау қолға алынды. Айта кету керек, Тілші: Көкшетаулық Раиса Ламнованың жақында үйі өртеніп, пеш тұрған бөлмесі жанып кетті. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеді. Көршілері байқап қалып, үлкен апаттың алдын алды.

Раиса Ламнова, Көкшетау қаласының тұрғыны:

Пеш тұрған мына жерде электр желісінің тетігі болған. Сымдар тұйықталып, өрт содан шыққан болуы керек. Қауіпсіздік шараларын сақтаймыз. Десе де апат айтып келмейді ғой. Сондықтан сақ болу қажет.

Биыл облыста тіркелген өрттің 70 пайызға жуығы осындай жер үйлерде болған. Көбісінде тозығы жеткен электр желілерінің кесірінен от шыққан. Сондықтан өрттің алдын алу үшін биыл бюджеттен тұңғыш рет қаржы бөлінді. Әлеуметтік-жекеменшік тапсырыс бойынша 250 мың теңге қаражат қарастырылып, Атбасар ауданының Тельман ауылындағы жеке меншік үйдің электр сымдары толық ауыстырылды. Себебі, мұнда көпбалалы отбасы тұрады.

Әсем Нұркина, Тельман ауылының тұрғыны:

Ауылдағы үйлердің көбі ескі. Электр сымдарының да тозығы жеткен. Ал оны ауыстыру үшін қомақты қаржы керек. 200 мың теңгеден асып кетеді. Тұрғындардың қалтасы көтере бермейді. Сондықтан бұл мемлекет тарапынан үлкен қолдау деп білемін. Алғысымыз шексіз.

Ал, Ерейментау ауданында 24 үйдің мұржасы тазартылды. Әзірге осы екі ауданда ғана өрттің алдын алуға мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс берілген.

Манарбек Шапағатов, Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:

Бұл алғашқы үй. Келесі жылы да мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс бойынша жұмыс істеу жалғасады. Басқа аудандар да іске кіріседі деп ойлаймын. Жергілікті атқарушы билік тарапынан қолдау болады деп сенеміз.

Қоғамдық ұйымдар да енді ғана осы бағытта іске кірісе бастады. Әуелі жалғызбасты қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіледі. Дегенмен, мамандар тұрғындардың да белсенділік танытып, ескірген электр сымдарын бірден болмаса да, біртіндеп жаңартып өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Ермек Елберген 

Хабарламаларға жазылу