36 бойжеткенді Бахрейнде тәнін саудалауға мәжбүрлеген қылмыстық топқа қатысты үкім шықты. Шымкенттің ауданаралық сотының шешімімен трансұлттық ұйымдасқан топ құрып, төрт жыл бойы адам саудасымен айналысқан 16 қылмыскердің алды 14 жыл арқалады. Сот залында бұған дейін үй қамақта болған бір азаматтың қолына кісен салынып, үш жылға бас бостандығынан айрылды. Ал, үш айыпталушы қамаудан босатылды. Қылмыстық топ 4 жыл бойы Бахрейн Корольдігінде жезөкшелікпен айналысу үшін қыздарды шетелге жіберіп отырған. Жәбір көрген қыздардың дені Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан. Ұйымдасқан топтың құрамында қазақстандықтардан бөлек, Ресей және Бахрейн азаматтары да болған. 150 томдық іс бойынша басты фигурант -36 жастағы әйел. Ол Бахрейн Корольдігіне Қазақстан аумағынан жас қыздарды жеткізіп келген. Қылмыстық топ басшысы адам саудасы бойынша төрт жылда 48 млн теңгеден астам табыс тапқан.
Әбсаттар Шайхиддинов, Шымкент қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:
2 мыңнан 5 мың долларпға дейін әрбір жіберілген қыздар үшін ақша түсіп отырған. Және ол ақшаны негізінен сол Азадова Саодаттың өзі алып, сол кісі басшылық жасап отырған. Осындай жолмен 2016 жылдан 2020 жылға дейін 36 жәбірленуші қыз оның ішінде кәмелетке толмағандарда бар, сол Бахрейн корольдігіне жіберілген.