Алматы қаласында V қысқы спартакиаданың ашылуы өтті
Алматыда Қазақстанның бесінші қысқы спартакиадасының ашылуы өтті. Шараға спортшылардан бөлек мәдениет және спорт министрлігінің, Ұлттық олимпиада комиитетінің және қалалық спорт басқармасының өкілдері қатысты. 8 желтоқсанда басталған жарысқа 16 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаланың атынан 1300-ге жуық спортшы бақтарын сынауда. Спартакиада бағдарламасына биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, шайбалы хоккей, тау шаңғысы, сноуборд және фристайл-могул сияқты спорттың 14 түрі енген. Дода осы айдың 27-інде аяқталады. Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау арқылы қысқы спорт түрлері бойынша ұлттық құраманы жасақтап, халықаралық жарыстарға даярлау дейді ұйымдастырушылар.
Елсияр Қанағатов, Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті Спорт дирекциясының директоры:
Осы спартакиада әрі қарай қысқы спорт түрін бұқаралық дамытуға өз үлесін қосады. Сондықтан алдымызда тұрған Олимпиаданың алдында жылды қорытындылап, өңірлерде қысқы спорт түрлерін дамуының қандай деңгейде екенін спартакиада қорытындысы дәлелдеп береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты
08.12.2025, 20:56
Оңтүстік-Шығыс Азияның екі елі қайта қақтығысты
08.12.2025, 20:53
Әлем жаңалықтарына шолу
08.12.2025, 20:52
Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда
08.12.2025, 20:45
Аягөздегі алыс ауылдардың мәселесі шешілді
08.12.2025, 20:41
ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды
08.12.2025, 20:31
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчын Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді
08.12.2025, 20:25
Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
08.12.2025, 20:14