Ресей тұрғындары мерекелік құттықтау жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей тұрғындары мерекелік құттықтау жолдады

20.12.2021

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне Ресейдің «тірек нүктесі» атты халықаралық жобасы арнайы шығарылым әзірледі. Бағдарламаға тарихшылар мен саясаттанушалар шақыртылған. Олар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін баяндады. Сондай-ақ, кеңестік кезеңдегі солақай саясаттың кесірінен жер аударылғандардың тағдыры туралы тың деректер келтірді. Бағдарлама барысында қазақстаннан қоныс аударған азаматтар еліміз жайлы жылы естеліктерімен бөлісті.

Элимхан Жамалаев, Грозный қаласының тұрғыны:

Біз қазақ жерінде қазақтың нанын жеп, суын ішіп өскен жігітерміз, біз бірімізге дос болып, бауыр болып өмір сүрдік, менің ойымша қазақ халқының адамгершілігі мен қонақжайлылығының арқасында, біз ешқашан ұмытпаймыз, сондықтан тәуелсіздік мерекесімен барлық қазақстандықтарды құттықтаймын!


Хабарламаларға жазылу