Ресей Президенті Владимир Путин Елбасыға құттықтау жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Президенті Владимир Путин Елбасыға құттықтау жеделхатын жолдады

16.12.2016
Кремль басшысы ширек ғасырда Қазақ елінің экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму жолында жеткен жетістіктерін жоғары бағалады. Жеделхатта 2017-2018 жылдар аралығында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы Қазақстанның әлемдік аренадағы рөлін айқындай түсетіндігі атап өтілген.

Сондай-ақ, В.Путин екі ел арасындағы тікелей байланыстардың және Еуразиялық экономикалық одақ пен басқа да құрылымдар аясындағы өзара ынтымақтастықтың нығайып келе жатқанына тоқталды.

Хабарламаларға жазылу