Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентаралық одақтың президентін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентаралық одақтың президенті Дуарте Пашеконы қабылдады. Кездесуде Қазақстанның аталған одақпен өзара ықпалдастығының маңызды бағыттары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Дуарте Пашеконы 2022 жылдың қыркүйек айында болатын Әлемдік дін көшбасшыларының VII Съезіне қатысуға шақырды. Португалия парламентариі Мемлекет басшысына Парламентаралық одақты дамытудың алдағы кезеңдегі басымдықтары туралы айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сіз басқаратын одақ парламентаралық байланыстарды дамыту ісінде маңызды әрі жетекші ұйым. Сіздің сапарыңыз парламенттік дипломатияны кеңейту тұрғысынан саяси маңызға ие. Біз аталған Одақпен өзара тығыз қарым-қатынастарды дамытуға баса мән береміз және осы маңызды ұйымның төрағасы лауазымындағы Сіздің миссияңызды қолдаймыз.
Дуарте Пашеко, Парламентаралық одақтың президенті:
Президент мырза, сізбен кездесу мен үшін үлкен мәртебе! Сізді ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын! Қазақстанның осы кезеңдердегі экономикалық және дипломатиялық табыстарын жоғары бағалаймын. Қазір сіздің ел мемлекеттер мен адамдар арасында диалог орнатудың жарқын үлгісі болып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мажарстанда қуырдақ әзірлеу фестивалі өтті
19.09.2025, 14:27

Жамбыл облысында 198 заңсыз қоқыс орны анықталған
19.09.2025, 14:24
Оралда «Анаға тағзым» атты еңселі ескерткіш ашылды
19.09.2025, 14:21
Қарағанды облысында тағы бір жаңа мектеп ашылды
19.09.2025, 14:18
Альпі тауы астымен екі елді жалғайтын туннель салынып жатыр
19.09.2025, 14:15
Йемен хуситтері Израильге зымыранмен шабуылдады
19.09.2025, 14:12
Вице-министр: Барлық өңір жылыту маусымына дайын
19.09.2025, 14:09
Интернет-алаяқтар оқушыларды арбауға кірісті
19.09.2025, 14:06