Өскемендегі 7 жастағы қыздың өлімі бойынша бірнеше болжам жасалды
Өскеменде 7 жастағы қыздың өлімі бойынша тергеу басталды. Әзірге оқиғаның нақты қалай болғанын ешкім білмейді. Кішкентай қыз аулада ойнап жүрген, ал анасы сол кезде үйдегі сәбиіне қарап отырған. Лесхоз кентінде болған қайғылы жағдай бойынша бірнеше болжам жасалды.
Көп адам баланы қаңғыбас иттер талап өлтірді деп ойлайды. Баланың өліміне сол үйдегі екі ит кінәлі дегендер де бар. Қапыда қазаға ұшыраған қыздың анасы қайғылы жағдайға қасқыр себеп болуы да мүмкін деген болжамын айтты. Полиция департаменті осы жағдай бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
Дарья Орлова, анасы:
Алғашында қызым ба, жоқ па деп, өз көзіме өзім сенбедім. Бәлкім, ойнап жатқан болар деген ой келді. Бірақ қимылсыз. Жалаңаяқ жүгіріп шықтым. Жамандыққа қимай, тайып құлап, басын жарып алып, есінен танып қалған шығар деп те ойладым. Жүгіріп жетсем, бір аяғы жоқ, талап тастаған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Егін жинау науқаны: 2,6 млн гектардан дәнді-дақыл жиналды
18.08.2026, 17:35
Әділетті қоғам құруда жастар саясатының маңызы зор
18.08.2026, 17:30
Қазақ тіліне арналған ЖИ моделі жасалып жатыр
18.08.2026, 17:27
Жол жөндеуге 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
18.08.2026, 17:25
Оралда жаңа үлкен көпір салына бастады
18.08.2026, 17:22
Отандық кәсіпорын жылына 15 мың тонна құбыр шығарады
18.08.2026, 17:20
Сыр диқандары күзгі жиын-терімге дайын
18.08.2026, 17:17
Ресейде егін ору қиындап кетті
18.08.2026, 17:15