Талдықорғанда ахуал орталығы ашылды
Талдықорғанда облыстық аурухана жанынан травматология және нейроинсульт бағытында ахуалдық орталық ашылды.Тәулігіне 24 сағат қызмет ететін жаңа құрылым ақпаратты қабылдап, кеңес беріп қана қоймай білікті мамандардың науқасқа жедел жетіп, көмек көрсетуіне де жағдай жасамақ. Орталық жедел жәрдем қызметі, төтенше жағдай бөлімі, жол полициясымен тығыз қарым-қатынас орнатып, жұмысты жүйелейді. Сондай-ақ шалғай аудандардағы мамандармен инсульттың алдын алу мәселелері бойынша тәжірбие алмасуға мүмкіндік тумақ. Осылайша өңірде өлім-жітімді азайту көзделген.
Анарбек Моңғолхан, облыстық аурухана директоры:
Науқастарға сол жерде бері қарай алып келмей-ақ 300-400 км алып келмей,көмек жасап емдей беруге болады. Яғни егер ота жасайтын жағдай болып жатса бізде қазір ангиографиялық установка жасалып жатыр. Жылдың соңына дейін ашылады. Осы жаққа шақыртып алып кеп, геморгический, ишемический инсульт және комбинированный, смешанный оталарды жасайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркияның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан халқына көңіл айтты
25.09.2026, 15:08
Бельгиялықтар қайғыға ортақтасып, көңіл айтуда
25.09.2026, 15:06
Жауынгерлер отан алдындағы әскери борышын адал атқарды
25.09.2026, 15:06
Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетіліп жатыр
25.09.2026, 15:05
5 лауазымды тұлға қамауға алынды
25.09.2026, 15:03
Қаза тапқан әскери қызметшілер тізімі жарияланды
25.09.2026, 13:30
Әскерилердің отбасына көмек көрсетуге бірыңғай оператор белгіленді
25.09.2026, 13:27
Құрылтай Төрағасы әскери қызметшілердің отбасына көңіл айтты
25.09.2026, 13:24