Маңғыстаудағы төтенше жағдай: 5 лауазымды тұлға қамауға алынды
Әскерилердің қазасына байланысты Қорғаныс министрлігінде қызмет атқаратын бес лауазымды тұлға ұсталды. Олардың арасында Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирі, теңіз жаяу әскерлері ротасының және «Қайсар» катерінің командирлері бар. Күдіктілерге жұмысына салғырт қарады және кеме жүргізу қағидаларын бұзды деген айып тағылып отыр. Бесеуі де Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Санжар Әділов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:
Қазіргі таңда қажетті амалдар жүргізілуде. Бірқатар лауазымды тұлға күдікті деп танылды. Қажетті тергеу амалдары жалғасуда. Кінәлі тұлғалар қатаң жауапқа, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде 161 волонтерлер ұйымы жұмыс істейді
25.09.2026, 15:10
Өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған бопсалаушылар ұсталды
25.09.2026, 15:09
Биыл мемлекетке 1 млн гектардан астам жер қайтарылды
25.09.2026, 15:09
Оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер
25.09.2026, 15:08
Түркияның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан халқына көңіл айтты
25.09.2026, 15:08
Бельгиялықтар қайғыға ортақтасып, көңіл айтуда
25.09.2026, 15:06
«Жауынгерлер Отан алдындағы әскери борышын адал атқарды»
25.09.2026, 15:06
Қаза тапқан сарбаздардың отбасына қажетті көмек көрсетіліп жатыр
25.09.2026, 15:05