Алматыда қалалық полиция департаментіне қарасты емхананың бас дәрігері сыйбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды. Мұны айтқан медициналық мекеме басшысының туыстары мен адвокаты видео үндеу таратып, оның бар болғаны бес мың теңге алғанын хабарлаған. Ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растап отыр. Ведомстваның мәліметінше, емхананың бас директоры Әлия Сармасаеваға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ашқаны, ұзартқаны және жапқаны үшін бірнеше рет пара алды деген айып тағылып отыр. Қарамағындағы қызметкердің өтініші бойынша сот оған екі ай мерзімге күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берген. Сонымен қатар, оның адвокаты Көпжановаға қатысты «соталды іс жүргізу деректерін жария еткені үшін іс жүргізу шешімі» қабылданатыны айтылды.