Украинада полиэтилен пакеттерді қолданыстан шығару туралы заң күшіне енді
Экология мәселесі Украина халқын да толғандырады. Бұдан былай елдегі азық-түлік дүкендері мен супермаркеттерде полиэтилен пакеттер тегін берілмейді. Себебі «Полиэтилен пакеттерінің айналымын шектеу туралы заң» күшіне енді. Қазір бір целлофанның құны Украинада 1-ден 3 гривнаға дейін, яғни 48 теңгеге сатылып жатыр.
2023 жылы үкімет целлофаннан мүлде бас тартпақ. Егер кәсіпкерлер заңды бұзып, бірреттік пакеттерді тегін берсе, оларға 130 доллардан 1300 долларға дейін айыппұл салынады. Келер жылы мұндай пакеттердің сатылымына толығымен шектеу қойылады.
Руслан Стрелец, Қоршаған орта және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы:
Украинаның әр тұрғыны жыл сайын 500-ге дейін бірреттік пакеттерді пайдаланады. Дүкеннен тауар алады, одан үйге жеткізеді, әрі қарай полиэтилен пакет қоқыс жәшігіне тасталады.Кейін полигоннан бір-ақ шығады. Мұндай жұқа және жеңіл пакетті қайта өңдеу заңда қарастырылмаған.
Александра, Киев қаласының тұрғыны:
Бұл - өте дұрыс шешім. Тегін алғанда байқалмайды, ал қалтадан ақша шығарып аларда әрине ойланып қаларымыз анық. Бұл пакеттердің сатыла бастағаны дұрыс болды. Адамдар ақша төлегенде ғана ойлана бастайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Егін жинау науқаны: 2,6 млн гектардан дәнді-дақыл жиналды
18.08.2026, 17:35
Әділетті қоғам құруда жастар саясатының маңызы зор
18.08.2026, 17:30
Қазақ тіліне арналған ЖИ моделі жасалып жатыр
18.08.2026, 17:27
Жол жөндеуге 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
18.08.2026, 17:25
Оралда жаңа үлкен көпір салына бастады
18.08.2026, 17:22
Отандық кәсіпорын жылына 15 мың тонна құбыр шығарады
18.08.2026, 17:20
Сыр диқандары күзгі жиын-терімге дайын
18.08.2026, 17:17
Ресейде егін ору қиындап кетті
18.08.2026, 17:15