Елдің бес өңірінде есірткі саудасын жолға қойған қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдің бес өңірінде есірткі саудасын жолға қойған қылмыстық топ ұсталды

14.12.2021

Елдің бес өңірінде есірткі саудасын жолға қойған қылмыстық топ ұсталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, наркодилерлер қараша айының басында көзге түскен. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлері қылмыстық топта он адам болғанын мәлімдеді.

Айтуларынша, есірткі заттары Ресейден тасымалданған. Тексеріс барысында қылмыскерлердің бірі елордадан Павлодар қаласына таксимен шыққаны анықталды. Ол қалаға 40 шақырым жетпей, жол бойындағы орман белдеуіне есірткі жасырып, Көкшетау қаласына жол тартқан. 10 минуттан кейін топтың үшінші мүшесі есірткі жасырылған жерге келіп, есірткіні алған, кейіннен сол өңірлік полицейлермен ұсталған.

Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты, одан жалпы салмағы 324 грамм мефедронның екі пакеті тәркіленді. Егер сотқа дейінгі іс жүргізу барысында барлық қылмыскердің ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері екені дәлелденсе, ұсталғандарға 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, не өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.


есірткі

Хабарламаларға жазылу