Қанжығалы Бөгенбай батырдың дулығасы әскери музейге қойылды. Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып жеткен құнды жәдігерді батырдың жетінші ұрпағы тәуелсіздік күніне тарту етіп отыр. Дулыға бұған дейін Ақмола облысына қарасты Ерейментау ауданында сақталып келген. Болаттан соғылған құнды жәдігер XVIII ғасырдың басында ұстаның қолынан шықан. Талай қанды жорықтан қалған қалқанның қазір темірі ғана қалған. Төбесіндегі шашақтары мен құлақ пен мойынды жауып тұратын торкөз сауыттарын ел-жұрт тәбәрік ретіне таратып әкетіпті.
Жеңіс Бөдешов, Батырдың жетінші ұрпағы:
Бөгенбай батырдың осы дулығасы осы музейде тұруы тиіс деп ойлаймын. Бұдан кейін балалар, бар жас өркендар, егемен қазақстанның көк туын желбіретітін ұрпақ бар, оларға осы дулыға рух береді деп ойлаймын.