Елбасы пауэрлифтингтен спорт шебері Мария Әуезовамен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы пауэрлифтингтен спорт шебері Мария Әуезовамен кездесті

13.12.2021

Мұнан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев пауэрлифтингтен спорт шебері, альпинист Мария Әуезовамен кездесті. Спортшы өзінің асыл арманы бионикалық протездерді алу жолында көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы үшін Елбасына алғысын білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев мүмкіндігі шектеулі болса да Эверест шыңын бағындыруға батылдық танытқан отандасымыздың табандылығы мен жанқиярлық еңбегін ерекше атап өтті. Биыл сәуірде Мария Әуезова мүгедектігіне қарамастан, Эверест шыңына шығып, ел-жұртты тамсандырған еді. Кейін, Елбасы қорының қолдауымен спортшы қыздың аяғына сапалы протез алынды


Хабарламаларға жазылу