Қарағанды облысының Ақадыр кентінде тұратын Дәрібай Оспанов Президенттен алғыс хат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Ақадыр кентінде тұратын Дәрібай Оспанов Президенттен алғыс хат алды

02.02.2023

Ол пауэрлифтингтен әлемнің екі дүркін чемпионы. 74 жастағы қария әлі шәкірт тәрбиелеп жүр. Ұлдары Алмас пен Манас, немересі Айтас та әлем чемпиондары. Оспановтар әулетінің спорт саласындағы жетістігіне, ақсақалдың ғибратты ғұмырына тәнті болған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғыс хат жолдаған. Оны облыс әкімі табыстады. 

Дәрібай Оспанов - Пауэрлифтингтен әлем чемпионы:

Президентіміз  мені елегеніне  өте қуаныштымын. Енді сөз айта алмай тұрмын да, өйткені сондай қуаныштымын. Бұл енді пәлен жылғы еңбегіміз ғой. Біздің отбасының жетістігі 18 рет гимн ойнаттық дүниежүзіне. Азияда 9 рет, әлем біріншілігінде 9 рет медаль алдық. 

Хабарламаларға жазылу