Ольга Шишигина жас спортшылармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ольга Шишигина жас спортшылармен кездесті

10.07.2014
Ольга Шишигина жас спортшылармен кездесті

«Бұдан былай Олимпиада мен Паралимпиада чемпиондары теңестіріліп, бірдей құрмет көрсетілетін болады».

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Парламент Мәжілісінің депутаты, Сидней Олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигина осылай деді.

Сондай-ақ, спорт саңлағы Қызылжар өңіріндегі спорт ғимараттарының жағдайымен танысып, спортшылармен кездесті.

Дарынды балаларға арналған спорт-интернатының тәрбиеленушілері  және  «Үміт» мүгедектер спорт-клубының өкілдерімен кездесті.

Жүздесу барысында  кейбір спорт түрлеріндегі қойылатын жас ерекшеліктері туралы да әңгіме болды.

Ольга Шишигина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Олимпиада чемпионы:

Ауыр және жеңіл атлетика, ескек есу және тағы да басқа спорт түрлерінде жасөспірім 18 жасқа дейін спорт шебері нормативін орындай алмай қалады да, жоғары шеберлік мектебіне алынбайды. Осылайша, дарынды жастардан айырылып қаламыз. Әрбір спорт түрінде жас ерекшелігі әртүрлі болуы керек. Бұл жаңа Заң негізінде қабылданатын заңнамалық актілерге енгізіліп жатыр.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу