Алматыда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздікке тағзым» атты республикалық жыр мүшәйрасы қорытындыланды.
Мүшәйраның тәртібі мен шарттарына сай қатысқан ақындар «Тәуелсіздік тұғырында тұрған Ел!» тақырыбында бұрын еш жерде жарияланбаған екі өлең ұсынған. Республика көлемінде өткен додаға қатысқан қаламгерлердің жасына шектеу болмады. Қазылар алқасының шешімімен Мұқағали Мақатаев атындағы бас жүлдені Әбубәкір Қайран иеленді. Төлеген Айбергенов атындағы бірінші орын Бауыржан Бабажанға бұйырса, Қадыр Мырза Әлі және Тұманбай Молдағалиев атындағы екінші орынды Аян Нысаналин мен Заида Елғон алды.
Мереке Құлкенов, жазушы, «Жұлдыз» журналының бас редакторы:
Қазақстаннның түкпір-түкпірінен 81 ақын қатысты. Қарақалпақстан, Өзбекстаннан қатысқандар бар. Солардың ішінен 17 адам іріктеліп, жеңімпаз атанды. Оның ішінде мықты ақындарымыздың аты аталады. Атаулы жүлде де бар.