Республикалық «Тәуелсіздікке тағзым» жыр мүшайрасы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық «Тәуелсіздікке тағзым» жыр мүшайрасы қорытындыланды

13.12.2021

Алматыда ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздікке тағзым» атты республикалық жыр мүшәйрасы қорытындыланды.

Мүшәйраның тәртібі мен шарттарына сай қатысқан ақындар «Тәуелсіздік тұғырында тұрған Ел!» тақырыбында бұрын еш жерде жарияланбаған екі өлең ұсынған. Республика көлемінде өткен додаға қатысқан қаламгерлердің жасына шектеу болмапты. Қазылар алқасының шешімімен Мұқағали Мақатаев атындағы бас жүлдені Әбубәкір Қайран иеленді. Төлеген Айбергенов атындағы бірінші орын Бауыржан Бабажанға бұйырса, Қадыр Мырза-Әлі және Тұманбай Молдағалиев атындағы екінші орынды Аян Нысаналин мен Заида Елғон алды.

Мереке Құлкенов, жазушы, «Жұлдыз» журналының бас редакторы:

81 адам қатысты. 81 ақын. Қазақстаннның түкпір-түкпірінен. Қарақалпақстаннан, Өзбекстаннан қатысқандар бар. Солардың ішінен 17 адам іріктеліп, жеңімпаз атанды.Жүлдегер атанды. Оның ішінде мықты ақындарымыздың аты аталады. Жүлде атаулы жүлде.


Хабарламаларға жазылу