Қызылордада жалған құжат арқылы 2 млрд теңге қолма-қол айналымға өткен
Қызылорда облысында жеке компаниялардың қаражатын жалған құжат жасау арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып келгендер ұсталды. Олар 2 миллиард теңгеге жуық қаржыны заңсыз айналымға шығарған. Осылайша салықтан жалтарып, мемлекетке 500 миллион көлемінде залал келтірген. Ал құйтырқы әрекетке барғандар қызметі үшін жалпы сомадан 4 пен 6 пайыз мөлшерінде сыйақы алып отырған. Күдікке ілінгендердің үйін тінту барысында жалған бухгалтерлік есептер мен құжаттар табылды. Бұл іске қатысы бар бес адам ұсталып, қылмысы толық дәлелденді. Жалпы, жыл басынан бері осындай екі дерек әшкереленген.
Ардақ Биғалиев, облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысының орынбасары:
Биылғы жылы екі іс сотқа жолданып, сот үкімдері шығып отыр. Бес азамат қала көлеміндегі 62 заңды тұлғаларға қолма-қол ақшаларын айналдырып берген. Тергеу барысында 100 миллион теңге сомасы өндірілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18