Сенаторлар зейнетақы жинағының шекті мөлшерін көтеруге қарсы
Зейнетақы қорында қалуы тиіс шекті мөлшер көлемінің келер жылдан бастап екі есеге жуық ұлғаюына сенаторлар қарсы шықты. «Президенттің нақты тапсырмасы бар. Жинақта қалатын қаржыдан артылған соманы тұрғындар игілігіне пайдалануы тиіс». Осылай деген депутаттар қордың аяқ астынан елді дүрліктіруі салымшылар қатарының қысқаруына соқтыруы мүмкін екеніне де алаңдаулы. Сенатор Нұрлан Қылышбаев Үкімет басшысына сауал жолдады. Ол жылдық инфляция деңгейін ескеріп, ең төменгі жеткіліктілікті шекті қайта есептеуді сұрады.
Нұрлан Қылышбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Енді салымшылар саны күрт қысқаруы мүмкін. Егер биыл 700 мыңнан астам азамат болса, 2022 жылғы шекті қайта есептеуге байланысты ол сан түбегейлі өзгереді. Қалыптасқан жағдай осы бағдарламаға деген сенімге нұқсан келтіреді.
Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Біздің нақты ұстанған позициямыз сол. Енді үкіметтің жауабын күтеміз. Түпкілікті бұл мәселе оң шешімін табады деп күтеміз. Зейнетақы қорындағы тиімді, сапалы біздің зейнеткерлеріміздің тұрмыстық жағдайын жасауға, әлеуметтік мәселелерін шешуге мүмкіндік жасалады деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тараз бен Түркістанда «Таза бейсенбі» акциясы өтті
15.01.2026, 17:39
Сарапшы: Тұтынушылардың 27% отандық өнімді айыра алмайды
15.01.2026, 17:37
СҚО-да креатив орталық ашылды
15.01.2026, 17:35
ЖИ инсультті 2-3 минутта дәл анықтап береді
15.01.2026, 17:33
Жетісуда 25 ірі инвестициялық жоба жүзеге асты
15.01.2026, 17:30
Қазақстанға инвесторлардың ықыласы ауа бастады
15.01.2026, 17:27
Төрт ғарышкер Тынық мұхитқа қонды
15.01.2026, 17:24
Украинаның энергетика секторында төтенше жағдай жарияланды
15.01.2026, 17:21