Елордада өзбек киносының күндері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада өзбек киносының күндері өтті

08.12.2021

Елордада өзбек киносының күндері өтті. Бұл шара көрші елдің президенті Шавкат Мирзиеевтің Қазақстанға мемлекеттік сапарына орайластырылған. Мәдени шараға екі елдің кино өнеріне еңбегі сіңген көрнекті қайраткерлер, белгілі режиссерлер мен актерлер қатысты. Көрермен өзбек ағайындар түсірген «Ибрат», «Мирос», «Тұтқынлық» фильмдерін көріп, жоғары бағасын берді. Өзбек киносының күндері аясында сондай-ақ кино саласындағы екіжақты әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта қос елдің достығын дәріптейтін бірнеше туынды жарыққа шығады деген жоспар бар.

Айдархан Әділбаев, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті:

Болашақта екі ел бірлесіп кино түсіруге, кинофестиваль өткізуге жол ашылады деп сенемін.

Хабарламаларға жазылу