Мемлекет басшысы Қырғызстанның Премьер-министрін қабылдады
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты стратегиялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз елінің премьер-министрі әрі Президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровты қабылдады. Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты дамыту жөніндегі нақты шараларға мән берілді. Мемлекет басшысы өзара сауда-саттықтың оң қарқынын атап өтті. Екі ел арасындағы алыс-беріс биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 9 пайызға артып, 680 миллион долларға жеткен.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Бұл сапарыңыз өте маңызды. Жақында мен Садыр Жапаровпен сөйлестім. Біз екі ел арасындағы қарым-қатынас жөнінде сөйлестік, пікір алмастық. Жақында ғана Қырғызстанда парламент сайлауы өтті. Сыртқы әлемнің реакциясы оң болды. Сондықтан баршаңызды, қырғыз достарымызды құттықтаймыз.
Ақылбек Жапаров, Қырғыз Республикасының Президенті әкімшілігінің басшысы, Министрлер кабинетінің төрағасы:
Егемендік жылдарында Қазақстан өзін қарқынды дамып келе жатқан ел. Саяси және экономикалық тұрғыдан мықты, халықаралық аренадағы ұстанымы берік әрі беделді мемлекет ретінде танытты. Біз Қырғызстанда Сіздің еліңіздің жетістіктеріне әрдайым қуанамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Таза Қазақстан» жайлы ашық сабақ өтті
18.09.2026, 13:20
Жапонияда Азия ойындарының ашылу рәсіміне дайындық аяқталып қалды
18.09.2026, 13:17
Ақтөбе облысында екі жыл ішінде 39 ауыл газға қосылды
18.09.2026, 13:12
Қазақстан инвестиция тартуда жаңа тәсілге көшті
18.09.2026, 13:09
ЖИ ғылымға жүйелі енгізіледі
18.09.2026, 13:06
Тараздық ұстаз 16 мың кітап оқыған
18.09.2026, 13:03
Жылдың үздік 10 оқырманына 10 млн теңге беріледі
18.09.2026, 13:00
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09