Мемлекет басшысы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

07.12.2021

Алдағы 4 жылда елде 500-ге жуық индустриалды жоба іске асады. Бірақ өнеркәсіп саласында білікті кадр тапшы. Бұл әлбетте индустриаландыру үдерісін тежейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысып, кәсіпкерлікті дамыту тетіктеріне тоқталды.

Президент «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы тағы бір жылға ұзартылатынын мәлімдеді. 2022 жылдың соңына дейін жалғасады.

Жалпы, тәуелсіздік жылдары елімізде 1500 кәсіпорын ашылды. Үздіктері Президент сыйлығына ілігеді. Биыл «Алтын сапа» конкурсында «Үздік индустриялық жоба» және «Үздік инновациялық жоба» номинациялары бойынша бас жүлде берілді және «Парыз» байқауында тағы екі компания үздік атанды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Биылғы салтанатты жиын Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Егемендік кезеңінде Қазақстанда бизнестің дамуына жан-жақты жағдай жасалды. Соның нәтижесінде жаңа заманға сай кәсіпкерлер шоғыры қалыптасты. Олар ұлттық экономиканың басты қозғаушы күшіне айналуда. Бүкіл еліміз бойынша 1500 жаңа өндіріс іске қосылды. Бұл мақсатқа 9 триллион теңгеден астам инвестиция жұмсалды. 220 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Қазақстанда өңделген өнімдер бүгінде 131 мемлекетке экспортталады.


Мемлекет басшысы Алтын сапа Парыз сыйлық

Хабарламаларға жазылу