Ақмола облысында балық шаруашылығын дамытуға субсидия беріледі
Балық шаруашылығына берілетін субсидияның арқасында Есіл облысаралық бассейндік шаруашылығы 2030 жылға қарай өнім көлемін 10 мың тоннаға жеткізбек. Осы межеге жету үшін инспекцияның материалдық-техникалық базасы жаңарды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында инспекторларға жол талғамайтын үш автокөлік пен екі қайық берілді. Ақмола және Солтүстік Қазақстан аумағын бақылайтын инспекторлар биыл 400-ден астам заң бұзу фактілерін анықтап, 7 миллион теңге көлемінде айыппұл салған.
Нығмет Қауашев, Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы:
Мемлекет тарапынан балық өсіруге көп қолдау жасалып жатыр. Оның бірі - балық қоректендіруге қарастырылған субсидия, сосын шабақ сатып алуға, балықтандыруға биологиялық негіздеме жасауға, аналық балықтарды сатып алуға қолдау көрсетілуде. Балық өсіруге қатысты осындай шаралар қабылданып, субсидия бөлініп жатыр.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18