АҚШ президенті Джозеф Байден Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ президенті Джозеф Байден Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

05.12.2021

Тәуелсіздік мерекесімен бірінші болып АҚШ президенті Джозеф Байден құттықтады.

Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына мемлекетіміздің тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай құттықтау жолдап,

«Қазақстанның Орталық Азия мен бүкіләлемде бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеуді сақтау жолында көш бастап келе жатқанының 30 жылдық мерейтойы қарсаңындағы қуанышыңызға ортақпын», – деп жазған.

Оның пікірініше, алдағы уақыттағы ықпалдастық екі елдің халықтары үшін жаңа жаһандық сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік береді. Осы орайда Орталық және Оңтүстік Азия өңірлеріндегі өзара байланыстар мен экономикалық өсуге ықпал етіп отырған «Қазақстанның орасан зор күш-жігерін» жоғары бағалады.


Хабарламаларға жазылу