Қасым-Жомарт Тоқаев Америка халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Америка халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

04.07.2023

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай Джозеф Байденге жеделхат жолдап, Америка халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы өз жеделхатында Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі мен өзара байланысын нығайтуға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев барлық саладағы ынтымақтастықтың одан әрі табысты дами беретініне сенім білдірді.

Хабарламаларға жазылу