Димаш Құдайберген АҚШ президенті Джозеф Байденнің инаугурациясы апталығының ашылу салтанатына қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайберген АҚШ президенті Джозеф Байденнің инаугурациясы апталығының ашылу салтанатына қатысады

05.01.2021
Димаш Құдайберген АҚШ президенті Джозеф Байденнің инаугурациясы апталығының ашылу салтанатына қатысады

Димаш Құдайберген АҚШ президенті Джозеф Байденнің инаугурациясын тойлау апталығының ашылу салтанатына қатысады. Жаңадан сайланған президенттің инаугурация апталығы Америка Құрама Штаттарында 17 қаңтар күні басталады және коронавирус пандемиясына байланысты апталықтың ашылу салтанаты онлайн форматта өтеді. Бұл ақпаратты dimashnews.com ресми сайты хабарлап отыр. 

Дәстүр бойынша бұл іс-шараны Бауырлас қалалар ассоциациясы – «Sister Cities International» ұйымы өткізеді. АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джозеф Байден бұл ұйымның құрметті тең төрағасы болды. 

Пандемияға байланысты мереке 2021 жылдың 17 қаңтарында сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 6:00-ден 8:00-ге дейін) онлайн форматта өтеді.

«Sister Cities International» ұйымы құрылғаннан бері (1953 жылдан бері) және АҚШ пен Қазақстанның қарым-қатынасы тарихында алғаш рет жаңа сайланған АҚШ президентінің инаугурациясын тойлауға арналған апталықтың ашылуына Қазақстан әншісі қатысады. Ол әрине -   Димаш Құдайберген. 




Димаш Құдайберген

Хабарламаларға жазылу