АҚШ Президенті Қ.Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Президенті Қ.Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады

26.03.2020

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады. Жеделхатта «Құрметті Президент мырза, Сізге, Сіздің отбасыңызға және Қазақстан халқына қуаныш, бақыт тілеймін! Бүкіл әлемде Наурыз бірлік, мейірімділік, жаңару мерекесі, адамдарды достыққа біріктіретін мейрам. Биылғы жылы біз үлкен экономикалық дамуға қол жеткіздік. Сіздің америкалық бизнес үшін қолайлы реформалар жүргізіп отырғаныңызға қуаныштымын. Біз Ауғанстанға бейбітшілік орнату бағытында жұмыстар атқарудамыз. Мен екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық үшін болашақ мүмкіндіктерді жасауға ниетті екенімді білдіремін. Наурыз құтты болсын! Ізгі тілекпен, Дональд Трамп»,-делінген.

Айбек ҚОБДАБАЙ


Хабарламаларға жазылу