Дональд Трамп қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

26.03.2020
Дональд Трамп қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті мен халқын Наурыз мерекесімен құттықтады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Наурыз - бірлік, мейірімділік, жаңару мерекесі. Биыл біз үлкен экономикалық дамуға қол жеткіздік. Сіздің америкалық бизнес үшін қолайлы саналатын реформалар жүргізіп отырғаныңызға қуаныштымын. Сондай-ақ, біз Ауғанстанға бейбітшілік орнату бағытында жұмыстар атқарудамыз. Мен екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық үшін болашақ мүмкіндіктерді жасауға ниетті екенімді білдіремін. Наурыз құтты болсын», - делінген құттықтауда.

Хабарламаларға жазылу