Қазақстандық KazEOSat-1 жерсерігі ұшырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық KazEOSat-1 жерсерігі ұшырылды

30.04.2014
Қазақстандық KazEOSat-1 жерсерігі ұшырылды
Бүгін Астана уақыты бойынша  сағат 07.35-те «Куру» ғарыш айлағынан «Вега» еуропалық зымырантасығышы бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігімен ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Қазақстан тарихындағы жерді қашықтықтан зондтаудың алғашқы жерсерігі «Қазғарыштың» тапсырысымен «Airbus Defense and Space» француз компаниясында төрт жылдың ішінде жасалды.
 
KazEOSat-1 ғарыш аппаратының жоғары кеңістіктіктегі ең ұсақ бөлшектерді ажырата алу мүмкіндігі 1 метрге дейін, қабылдау жолағы - 20 шақырым, жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің бір тәулік ішіндегі өнімділігі 220 мың шаршы шақырымды құрайды. Салмағы - 900 келіге жуық. Орбитадағы қызмет көрсету мерзімі 7  жылдан астам.
 
Еуропалық ғарыш агенттігінің, Францияның ғарыш құрылымдары мен кәсіпорындарының басшылары жерсеріктің сәтті ұшырылуымен «Қазғарыш» төрағасы Талғат Мұсабаев бастаған қазақстандық делегацияны  құттықтады.
 
Т.Мұсабаев  өзара ынтымақтастықтағы табысты жұмыстары үшін француздық әріптестеріне алғысын білдіріп, қазақстандық және француздық мамандарды құттықтады.

Хабарламаларға жазылу