Алматыда эпидахуал тұрақты
Алматыда коронавирус жұқтырушылар саны азайып, эпидахуал тұрақталып келеді. Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, соңғы тәулікте 60 адамнан инфекция анықталған. Стационарларда 362 науқас емделіп жатыр. 40 пациенттің жағдайы ауыр, дейді дәрігерлер. Мегаполистегі жаппай вакцинациялауға келсек, бір тәулік ішінде екі компонентты 1500-ден астам адам салдырған. Қалада 132 екпе егу пункті жұмыс істеп тұр. Pfizer екпесін 14 500 адам, оның ішінде 880 жүкті әйел және емізулі баласы бар 3 мыңнан астам аналар салдырған. Сондай-ақ аталған вакцинамен 12-18 жас аралығындағы 10 мың жасөспірім егілді.
Ұлжан Шормақова, №1 емхананың педиатр дәрігері:
Ешқайсысында жанама әсерлері байқалған жоқ. Ата-ананың келісімімен, ата-ананың қатысуымен Pfizer вакцинасы салынады. Бала вакцина алғаннан кейін 30 минут дәрігердің қарауында болады. 3 күн дәрігердің қарауында болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18
Жамбыл облысындағы Билікөл тартылып барады
09.10.2026, 20:16